2021 жылғы 14 желтоқсанда Нұр-сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Таңатқызы Каринованың оффлайн режимінде қатысуымен "Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті" республикалық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. "Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студентінің" үздік студенті "Фельдшер" мамандығының 4 курс студенті, жастардың өзін-өзі басқару өкілі, қалалық, облыстық және республикалық конкурстар мен конференциялардың белсенді қатысушысы болды. "Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті" республикалық жобасының жеңімпазы Ибрагимов Рустам ҚР Білім және ғылым министрінің дипломымен, "ТОП-100 студент" белгісімен арнайы медальмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Ибрагимов Рустамды және Өскемен жоғары медиа колледжінің барлық қызметкерлері мен студенттерін құттықтаймыз! Бұл жеңіс Қазақстан Республикасының колледждері арасында біздің оқу орнымыздың имиджін арттырады!