2021 жылғы 6 сәуірде Өскемен жоғары медицина колледжінде коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу мақсатында дәстүрлі "Вакансиялар жәрмеңкесі – 2021" іс-шарасы онлайн форматта өтті. Іс-шараның мақсаты - түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жұмыс берушілермен серіктестік қарым-қатынастарды дамыту және іс-шараға қатысушы мекемелердің жас мамандарына қажеттілікті қанағаттандыру болып табылады.

Осы жылы Өскемен жоғары медицина колледжінің қабырғасынан "Фельдшер", "Акушер", "Лабораторлық диагностика", "Стоматология", "Фармация"  біліктіліктері  "Мейіргер ісі", "Емдеу ісі" мамандықтарының 324 студентін шығару жоспарлануда.

Колледждің жұмыс берушілер мен әлеуетті қызметкерлер үшін өткізетін кездесулері – өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын қысқарту тәсілдерінің бірі .Жыл сайын түлектерді жұмысқа орналастыру 85-90% құрайды.

Біздің колледж түлектерін тарту мақсатында 2021- Вакансиялар жәрмеңкесіне- ШҚО 30-дан астам медициналық ұйымдарының өкілдері қатысты.

2021 жылғы Вакансиялар жәрмеңкесінің барлық қатысушылары колледж түлектеріне табыс тілеп, оларды өз ұйымдарында көруге ниет білдірді.

Өскемен жоғары медицина колледжінің әкімшілігі Вакансиялар жәрмеңкесіне қатысқан жұмыс берушілерге алғысын білдіреді.