10.12.2022 жылы Өскемен қаласында  қазақша күрестен жыл сайынғы «Колледж барысы-2022» Облыстық жарысы өткізілді. Биылғы жылы Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі ұйымдастырды. Жарыстың мақсаты - Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру, жастар мен жасөспірімдердің денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және дене тәрбиесі мен көпшілік спортты дамытуға ықпал ету, осы спорт түрінің танымал етуге ат салысу, ТжКБ оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады.
Аталған жарысқа облыстың 10 колледжінен 16 студент қатысты. Балуандар екі салмақ дәрежесінде бақ сынасты: 70 және 90 кг.
Жарыс нәтижесі бойынша 90 кг салмақта 1  орынды  йеленген Өскемен жоғары медициналық колледжінің  Дант 118-2022 студентті  Арманұлы Асанәліні шық жүректен құттықтаймыз