18-қараша күні, Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойына

орай ұйымдастырылған колледжішілік «Абай мұраларын ұлықтайық» атты Абай оқулары байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты: 1. Оқушыларға Абай өлеңдерін және қара сөздері мен поэмаларын терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру,

2.Оқушыларда шығармашылық қабілетін, эстетикалық сезімін, тұлғаның сезімталдық мәдениетін дамыту;

3. Адамгершілікке, поэзияға деген сүйіспеншілікке, рухани құндылық негіздеріне тәрбиелеу.

Абай оқуларының міндеттері:

1. Колледж студенттері арасында Абай шығармаларын насихаттау;

Байқауға 12 студент қатысты. Соның ішінде,  Бас жүлдеге - Қызылова Мөлдір МІ 202 тобы студенті, 1-орынға - Болоспекова Сая МІ 204 тобы студенті, 2-орынға - Төлеуханов Айзат МІ 204 тобы студенті, 3-орынға - Оспанова Аружан МІ 204 тобы студенттері ие болды. Жүлдегерлер мен байқауға қатысушылар колледж директоры Ахмадиев Әділет Амангельдиновичтің мадақтамасымен марапатталды.