Дәстүрлі түрде 2019 жылы 10 қазанда "Өскемен жоғары медицина колледжі" ШЖҚ КМК волентер студенттері мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған "Ақ - Ниет" мектеп интернатына барды. "Акушерлік іс" мамандығы бойынша 2 курс студенттері жетекшісі-оқытушы Ж.Т.Сүлейменовамен бірге 8-11 сынып қыздары арасында "Қыздар өзіміздің арамызда"атты сыныптан тыс іс-шара өткізді.

Болашақ акушерлер әйел ағзасының анатомиялық және физиологиялық құрылысы, олардың ағзасындағы ай сайынғы өзгерістер, жеке гигиена, жеке гигиенаның әртүрлі құралдары және оларды қолдану әдістері туралы айтты. Оқушылар студенттермен диалог арқылы көптеген пайдалы ақпарат алды, жеке гигиенамен байланысты негізгі аспектілерді қарастырды.  Қыздар әңгімеге белсене қатысып, сұрақтар қойды, оларға колледж студенттерінен кітапшалар мен шағын естелік кәдесыйлар табыс етілді.