8 ақпан 2020 жылы Өскемен жоғары медицина колледжінің студенттері Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» атты қалалық пікір-сайыс турниріне қатысты. МІ-204 тобының студенттері Амерханова Надира мен Дакен Ахерке 2 орынға, ЕІ-210 тобының студенттері Советбеков Фархат пен Арманов Бауыржан «Үздік талпыныс» номинациясына  ие болды. АД 305 тобының студенті  Көкен Жанбота белсене қатысқаны үшін алғыс хатқа ие болды.