ЕІ 308 тобының студенті Наак Рихарт Анатольевич  ҚР "Бөбек" жалпыұлттық қозғалысы" заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігімен ұйымдастырылған Республикалық "Үздік студент - 2018" жобасына  қатысып, үздіктердің қатарынан табылды. Наак Рихарттың өмірбаяны "Жас қыран" талантты жастардың ІІ кітап жинағына енді және оқу барысында білім, ғылым саласына қосқан айрықша еңбегі үшін "Үздік студент - 2018" төсбелгісімен марапатталды.