2019 жылдың 12 наурызында Өскемен медициналық колледжінде «Химия – ғажайыптар әлемі» атты химия пәнінен ашық сыныптан тыс шара өтті. 1 курс студенттері қызықты химиялық тәжірибелер көрсетті. «Ауыртпайтын операция», «отсыз түтін», «Бетгер вулканы» және басқа да қызықты тәжірибелер жасалды. Сондай-ақ, келушілер арнайы дайындалған фотоалаңда суретке түсті. Студенттердің химиядан алған білімдерін шыңдау мақсатында ойындар ойнатылды. Кешті ұйымдастырғандар: ЕІ – 205, ЕІ – 206, ЕІ – 207, ЛД – 208, ЛД – 209, ЛабД – 210, Фарм – 112 және «Химия» пәні оқытушысы Алимбекова А.А..