2018 жылдың 17 мамыр күні  «Өскемен медициналық колледжінің» АІ 105 топ студенттері, педагог – психолог Нұрмұхамбетова Н.Н. жетекшілігімен №2 кітапхана – бөлімшесі «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында өтілген, Ш.Құдайбердіұлының шығармашылығына арналған  « Үш анық» атты дөңгелек үстелге қатысты.

Дөңгелек үстел мақсаты: Ш.Құдайбердіұлының «Үш анық» еңбегін талдату, оның мазмұнын түсіндіру. Студенттер бойында заманауи білім мен имани тәрбиені қалыптастыру. Халық мұрасынан сусындаттыру. Ақын, философтың өмірі мен шығармашылық жолына арналған документальды фильм көрсетілді. Шара барысында студенттер өз ойларын айтып ортаға салды, пікір-таласқа белсенділік танытты.Студенттер Ш.Құдайбердіұлы туралы көптеген мағлұматтар алып, өз ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар студенттер абонемент жұмысымен, электронды ресурстар кабинетімен, оқу залдарымен және Интернет-залмен танысты. Қаламыздың мәдени орталығына шеккен сапарлары колледж студенттерінің есінде ұзақ сақталып, кітапхананың тұрақты оқырманы болсам деген ниет тудырды.