ӨСКЕМЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПІКІР-САЙЫС ТУРНИРІНЕ ҚАТЫСТЫ.

 

Өскемен қаласындағы пікір-сайысты дамыту жобасы аясында”Шығыс Қазақстан пікір-сайысшылар қауымдастығы” және қалалық “Жастар орталығы” ұйымдастырған турнирге жоғарғы оқу орындарынан және колледждерден 21 команда қатысты.

Турнир карарлары өте қызықты болды . «Б.п. 1 сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту ақталады деп есептейді». «Б.п. Қазақ тарихындағы ең үздік көркем шығарманы ұсынады». «Б.п. Ұлтты сүю ақталады деп есептейді» .Ойын қарарлары жас буын өкілдеріне пікір алмасуға және өз ойларын ашық жеткізуге мүмкіндік берді. Төрешілердің сөзіне сүйенсек , барлық пікір-сайысқа қатысушылар ойынға жақсы дайындықпен келген. Олар өз ойларын еркін білдіріп, тақырыптарды аша білді.

Марапаттау рәсіміне Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ жастар бастамасын дамыту секторының меңгерушісі Қайсарбеков Сырым Бектасұлы ойыншыларды жеңісімен құттықтады. 21 фракцияның ішінен:

1- орынды С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың ”Ине” құрамасы иеленді.

2-орынды Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың ”Махаббат қызық мол жылдар”құрамасы иеленді

3 -орынды Өскемен медициналық колледжінің ”Абзал жандар” командасы иеленді.

Жеңімпаздарды марапаттау сәті.