22 ақпан 2017 жылы Өскемен медициналық колледжінің студенттері «Жас Отан» ЖҚШҚОФ төрайымы, қалалық маслихатының депутаты Маржан Бақыт және «Жастар ресурстық орталығының» маманы Е.М Махмутовпен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Президент Жолдауын талқылау үшін кездесті. Қалалық маслихатының депутаты Маржан Бақыт  Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының жастарға маңыздылығымен таныстырды. Кездесу барысында жолдаудың негізгі бес тармақтары талқыланды. Махмутов Е.М. «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша жазғы демалыста жұмыс істеуге болатынын түсіндіріп өтті. Кездесу еркін және ашық түрде өтті. Кездесу барысында студенттер тарапынан сұрақтар легі көп болды.  Кездесу соңы естелік суретке түсумен аяқталды.