8.12.2023 жылы Өскемен жоғары медицина колледжінің қабырғасында  «Шығыс Қазақстан облысы Jeltoqsan-86»ҚҚ студенттермен кездесу өткізді.

⚜️Тарих үшін қас-қағым сәт десек те, сол ызғарлы күндер қозғалысқа қатысқан куәгерлердің және қазақ халқының есінен еш кетпейді.
⚜️Осы оқиғаны көзімен көріп, басы-қасында болған Рамазанов Маратбек Айтахметұлы –ҚҚ жетекшісі, Шакаев Өміржан Сағидолдаұлы, Камалиев Бекжан Бияхметұлы, Орамалов Амангелді Советканұлы «Шығыс Қазақстан облысы Jeltoqsan-86» ҚҚ мүшелері, желтоқсаншылар да қыстың қаһарлы аязын ұмытпайды.
⚜️Кездесу барысынды  өткен күннің өнегесі мен бейбіт күннің бағасы жайлы айтылды.