2023 жылғы 29 қарашада Өскемен жоғары медицина колледжінде "Ансвер" қоғамдық қорының және Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлерімен кездесу өтті. Іс-шара барысында студенттермен "АИТВ-ның алдын алу, стигма және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсіту" тренингі өткізілді. АИТВ-ға тестілеуден өткені туралы, оның ішінде экспресс-тесттер арқылы және өзін-өзі тестілеу әдісімен ақпарат берілді. Сондай-ақ, АИТВ/ЖИТС тақырыбы бойынша викторина өткізіліп, белсенді қатысушылар естелік сыйлықтар алды. Үлкен алғысымызды білдіреміз.