2022 жылы  29 қазан күніШығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және Өскемен жоғары медициналық колледжі   ШҚО техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі оқу орындарының студенттері арасында«Жаңа Қазақстанға бір қадам» атты пікірсайыс тренингі өткізілді.

Аталған іс-шараның мақсаты: Жастар арасында ораторлық мәдениетті, толеранттық тәртіппен азаматтық танымды дамыта отырып, қоғамдағы маңызды мәселелер аясында жастардың өз көзқарастары арқылы шешім қабылдап, құқықтық сауаттылықты жан-жақты мониторингттік зерттеулер жүргізе отырып пікірсайыс арқылы толығырақ насихаттау.

Іс-шараның міндеттері: Азаматтық жауапкершілігі зор, интелекті жоғары, рухани жан-дүниесі бай, эстетикалық талғамы дамыған және әлеуметтік бейімделген ұтқыр тұлғаны қалыптастыру және дамыту болып табылды.

Жастардың қоғамның өзекті мәселелерін шешудегі орны мен рөлін арттыра отырып семинар - тренинг барысындағы пікірсайыс ойындары «Жаңа Қазақстанға бір қадам» атты тақырыпта  Британдық парламенттік формат, Американдық парламенттік формат және Линкольн-Дуглас (ЛД) форматтары бойынща  өтті. Сонымен қатар  пікірсайыс төрешілігі бойынша қазақ және орыс тілінде ұсынымдар берілді.

Іс-шарағаШығыс Қазақстан облысы кәсіптік-техникалық колледждерінің студенттері, дебат клубтарының жетекшілері, директордың тәрбие жөніңдегі орынбасарлары қатысты. Қазақстан Республикасы дебат қозғалысын дамыту бойынша жобалық кеңсе сарапшысы  Нүркен Даулет ашылу салтанатында онлайн режимінде құттықтау  сөз сөйледі. Аталған іс- шараға Өскемен, Риддер, Алтай қалалары мен Күршім, Катон-Қарағай, Самар, Ұлан аудандарындағы колледждерінен 120 студент қатысты. Тренинг және пікірсайыстар ойындары үш алаңда өтіп дебатқа қатысушылардың қызығушыларын арттырды. Студентер өткізілген іс- шара бойынша пікірлерін айтып, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.