Өскемен жоғары медициналық колледжі  «Киелі мекен» акциясы аясында экологиялық шараларды жалғастыруда. 18.04.2024 жылы  Сағадат Нұрмағанбетов  ескерткіші аумағында колледж еріктілері  қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп, аумағын тазартты.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен аумақтарды абаттандыру және көгалдандыру жөнінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алған болатын.
Осы акцияның екінші аптасы «Киелі мекен» деп аталатын сенбілік аптасы. Ол тарихи-мәдени ескерткіштер мен қала аумағындағы атаулы жерлердің аумағын абаттандыруға арналған.
Қаламыздың тұрғындары мен еріктілерін акцияға белсене қатысып, қаланың көркейуіне атсалысуға шақырамыз!

#СүйіктіқаламӨскемен
#ЛюбимыйгородУстьКаменогорск
#ТазаҚазақстан#ТазаҚазастан