Жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау уақыты
Колледж директорының және оның орынбасарларының жеке қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі ақпарат
Мемлекеттік қызметтер
...
Қашықтықтан оқыту
Біздің қашықтықтан оқыту бағдарламасы сізге мамандықтарыңыз үшін қажетті материалдарды тез және тиімді түрде меңгеруге және біліктілікті арттырудан қашықтан өтуге көмектеседі.
САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ
Бүгінгі таңдағы медициналық колледжі оқушыларының жоғары білім сапасы – келешек Қазақстанымыздың салауатты ұрпағы!
Біздің артықшылықтарымыз
Колледж миссиясы
Үздіксіз кәсіптік өсуге дайын еңбек нарығында сауатты, жауапты, бәсекеге қабілетті орта медициналық білімі бар жоғары білікті мамандарды дайындау. Үздіксіз кәсіби білім беруде адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Жұмысқа орналасу
Диплом алғаннан кейін жұмысқа орналасу қиындық туғызатын жоғарғы оқу орындарының түлектерімен салыстырғанда, біздің түлектерімізде мұндай проблемалар жоқ. Қазіргі таңда біз қала және облыстың емдеу-профилактикалық ұйымдарымен тығыз серкіктестік қарым-қатынастамыз, онда біздің студенттеріміз өндірістік практикалардан өтеді. Кейіннен сол ауруханалар жаңадан білім алып, оқу бітірген түлектерімізді жұмысқа шақырады. Сіз практикадан өткен мекеме ұнамаса, басқа орынға жұмысқа орналасқыңыз келсе, келешектегі басшыңыз өткен практикаңызды мамандық бойынша тәжірибе ретінде бағалап, сіздің бәсекешілердің алдында артықшылығыңызды арттырады.
Теория және практика тепе-теңдігі
Колледжде студенттердің кешенді теориялық және практикалық даярлауы, алған білімдерін практикада бекітуі жүзеге асырылады. Студенттер облысымыздың жетекші ауруханаларына практикаға жолданады, бүкіл бөлімше жұмысының ұйымдастырылуымен және құрылымымыен (қабылдау бөлімшесі, тіркеу орны, зертханалар, рентген кабинеті, физиотерапиялық кабинеті, операция жасау, таңу бөлмелері) танысады
СИСТЕМА ОБЯЗАТЕЛЬНОГО СОЦИАЛЬНОГО МЕДИЦИНСКОГО СТРАХОВАНИЯ
ӨСКЕМЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНЕ – 80 ЖЫЛ!
Өскемен медициналық колледжі – тарихы мен дәстүрі мол аумағымыздың көне оқу орындарының бірі.
1935 жылы «Мейірбикелер мектебі» ретінде құрылған. Жылдан жылға дәрежесі артып фельшерлік-акушерлік мектеп, медициналық училище, ал 1994 жылдан бастап медициналық колледж атағына ие болды.
Бүгінгі таңда "Өскемен медициналық колледжі" ШЖҚ КМК - үнемі және жан-жақты дамып келе жатқан беделді білім беру ордасы, сенімді партнер, лайықты білім алуды талап ететін жастармен танылған мекеме.
Мамандар орта мектептің 11 сынып базасында күндізгі оқу түрі бойынша қазақ және орыс тілдерінде «мейіргер ісі», «емдеу ісі», «лабораторлық диагностика», «фармация», «стоматология», мамандықтары бойынша даярланады.
1994 жылдан бастап медициналық колледж негізінде орта медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бөлімшесі қызмет атқарады. Жыл сайын бөлімшеде 2 мыңнан астам медицина қызметкерлері қайта даярлықтан және біліктілігін арттырудан өтеді.
2014 ж бастап медициналық колледжді практикалық денсаулық сақтау саласынан келген Семей медицина академиясының түлегі Ахмадиев Адлет Амангельдинович басқарып келеді.
- Бүгінгі күні денсаулық сақтау саласында ауқымды реформалар енгізілуде, қазіргі кезде мейірбике дәрігердің көмекшісі ғана емес, дербес, сауатты және құзырлы маман болуы тиіс, - дейді колледж директоры А.А.Ахмадиев..
Колледждің педагогикалық ұжымының алдында бірнеше жаңа мақсаттар қойылған, соның ішінде білім беру процесін жетілдіру және орта медициналық буындағы мамандарды даярлау сапасын жоғарлату. Осы мақсаттарға жету долдарының бірі - оқу-тәрбие процесін ақпараттандыру, білім беру процесіне жаңа технологияларын енгізу және электронды колледжді құру болып табылады. Осы бағытта көптеген шаралар орындалды.
Коллежде сабақтарды ұйымдастыруда заманауи техникалық оқу құралдары қолданылады, компьютерлік сыныптар ғаламторға, wi-fi шыға алады. Жергілікті желісімен электронды кітапхана құрылды. Кабинеттер мен зертханалар заманауи медициналық жабдықпен және құрал аспаптармен, симуляциялық тернажерлар және манекендермен жабдықталған. Сонымен, оқу процесі практикалық қызметке барынша жақындатылған.
- Студенттеріміз ауруханаға практикаға бармас бұрын, олар тренажерлар мен манекендерде барлық манипуляцияларды орындауды жетік меңгеру керек. «Үшке» пациентті емдеуге мүмкін емес, сондықтан барлық студенттеріміз тек «жақсы» және «үздікке» оқуға тырысады. Сондықтан, оқу-тәрбие процесінде жаңа оқу технологияларына, дәстүрлі оқу түрлерінің жетілдіруіне және белсенді оқыту әдістерін қолдануға аса назар бөлінеді. Осы мақсат үшін бізде әдістемелік орталығымыз бар.
Сонымен қатар, оқу-тәрбие процесінің нәтижелілігін жақсарту және жоғарлату мақсатында "Өскемен медициналық колледжі" ШЖҚ КМК 2007 жылдан бастап ҚР СТ ИСО 9001-2009 стандарттарына сай сапа менеджмент жүйесі енгізіліп жұмыс істеп келеді.
Біздің мамандықтар
Білім беру қызметін колледж Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасының 2009 жылдың 15 мамырында берген АБ №0067185 сериялық мемлекеттік лицензиясы және 2010 жылдың 17 қарашасында берілген мемлекеттік лицензияға қосымшаның негізінде жүзеге асырады.