ТАЛАПКЕРГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТ

 

Тұлғалардың «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК оқуға өтініштерін қабылдау орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына: мемлекеттік тапсырыс бойынша күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 15 тамызы аралығында, ақылы негізде 25 маусымы мен 25 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

 

Жұмыс кестесі:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 12.00-ден 13.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін.

 

Кәмелетке толғандар құжаттарды жеке өзі, кәмелетке толмағандар – заңды өкілінің қатысуымен ұсынады. Электрондық үкімет порталы арқылы құжаттарды тапсыру кезінде өзімен бірге ЭЦҚ кілті болуы қажет.

 

Колледжге жүгінген кезде:

  1. құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
  2. білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
  3. 3х4 см сандық фотосурет;
  4. бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен бала кезінен мүгедектігі бар адамдар үшін № 075-У нысанындағы медициналық анықтама 031 – У

5) балалардың мәртебесін растайтын электронды құжаттар;

6) цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).

Порталға:

  1. көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе өзге де заңды өкілдерінің) бірінің оның өкілінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
  2. электрондық түрдегі білім туралы құжат;
  3. 3х4 см сандық фотосурет;
  4. № 075-У нысаны бойынша, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар және бала кезінен мүгедектігі бар адамдар үшін электрондық медициналық анықтамалар 031-У нысаны бойынша Медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы;
  5. баланың мәртебесін растайтын электрондық құжат;

             Жеке басын растайтын құжат туралы мәлімет, білімі туралы құжаттар, медициналық анықтамалар, көрсетілетін қызметті алушының мәртебесін растайтын құжатты көрсетілетін қызмет беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

 

Медициналық мамандықтарға түсуші адамдар үшін психометриялық тестілеуді өткізу мерзімдері негізгі орта білім базасында түсушілер үшін күнтізбелік жылдың 18 тамызына дейін, жалпы орта білім базасында түсушілер үшін күнтізбелік жылдың 21 тамызына дейін, шығармашылық даярлықты талап ететін мамандықтарға түсушілер үшін күнтізбелік жылдың 21 мен 28 шілдесі аралығында белгіленеді.

Арнайы және шығармашылық емтихандарды өткізу кезінде:

2) медициналық мамандықтар бойынша психометриялық тестілеу «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанында бағаланады;

Медициналық мамандықтарға түсетін адамдар конкурсқа психометриялық тестілеудің қорытындысы бойынша жіберіледі.

 

Конкурсқа өтініш берген кезде оқуға түсушілер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бекіткен төрт мамандыққа, біліктілікке (қажет болған жағдайда), ТжКОББ-дан кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі комиссиялар бекіткен ТжКОББ-ның төрт ұйымына дейін, оқыту тілін (қазақ, орыс), білім деңгейін таңдайды.

 

Конкурсты ҰБДБ ақпараттық жүйесі талапкерлерді білім туралы құжатқа (аттестат) сәйкес міндетті және бейінді пәндердің орташа конкурстық балы бойынша автоматты түрде бөлу арқылы өткізеді.

Бағалардың орташа балы:

- негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер үшін (9 – сынып) - үш пән: міндетті пән (қазақ тілі немесе орыс тілі), мамандық бейіні бойынша екі пән бағаларынан (биология, химия);

- жалпы орта білімі, ТжКОББ бар түсушілер үшін – төрт пән: міндетті пәндер (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және мамандық бейіні бойынша екі пән бағаларынан (биология, химия);

- мамандық бейініне сәйкес келмейтін медициналық мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін – мамандық бейіні бойынша екі пәннің бағаларынан (биология, химия).

 

Мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер арасындағы Конкурс күнтізбелік жылдың 19-22 тамызы аралығында, жалпы орта білім беру, ТжКОББ базасында күнтізбелік жылдың 22-25 тамызы аралығында, ақылы негізде 26-28 тамызы аралығында өткізіледі.

 

«Өскемен жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК 2025 жылы келесі мамандықтар бойынша қабылдауды жүзеге асырады:

9 сынып негізінде:

Бюджет:

- 09140100 Лабораториялық диагностика, біліктілігі 4S09140101 Медициналық зертханашы (қазақ/орыс);

Шарттық негізде:

- 09110100 Стоматология, біліктілігі 4S09110102 Дантист (орыс);

- 09120100 Емдеу ісі, біліктілігі 4S09120101 Фельдшер (қазақ/орыс);

- 09130100 Мейіргер ісі, біліктілігі 4S09130103 Жалпы практикадағы мейіргер (қазақ/орыс).

 

11 сынып негізінде:

Бюджет:

- 09120100 Емдеу ісі, біліктілігі 4S09120101 Фельдшер (қазақ/орыс);

- 09130100 Мейіргер ісі, біліктілігі 4S09130103 Жалпы практикадағы мейіргер (қазақ/орыс);

- 09130200 Акушерлік іс, біліктілігі 4S09130201 Акушер (қазақ/орыс);

Шарттық негізде:

- 09130100 Сестринское дело, біліктілігі 3W09130101 Күтім бойынша кіші мейіргер (орыс);

-  09130100 Сестринское дело, біліктілігі 3W09130102 Массажист (орыс);

- 09130100 Сестринское дело, біліктілігі 4S09130103 Жалпы практикадағы мейіргер (қазақ/орыс);

- 09130200 Акушерское дело, біліктілігі 4S09130201 Акушер (қазақ/орыс);

- 09160100 Фармация, біліктілігі 4S09160101 Фармацевт (орыс);

- 09110100 Стоматология, біліктілігі 4S09110102 Дантист (орыс);

 

ТжКОББ негізінде:

Бюджет:

- 09130100 Мейіргер ісі, біліктілігі 5AB09130101 Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры (орыс)

Шарттық негізде:

- 09130100 Мейіргер ісі, біліктілігі 5AB09130101 Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавры (орыс)

 

 

Байланыс телефондары: +77772253240; +77772302793