Құрметті 2024 жылғы талапкерлер!

 

«Өскемен жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК 2024-2025 оқу жылына колледжге түсу үшін өтініш беру www.egov.kz."электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүргізілетінін хабарлайды.  Өтінішті портал арқылы беру үшін сіздің электрондық цифрлық қолтаңбаңыз (ЭЦҚ), кәмелетке толмаған талапкерлер үшін –  Сіздің ата-анаңыз немесе басқа заңды өкілдеріңіздің электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) қажет. Өтінім беру мерзіміне дейін ЭЦҚ алуға немесе бар болуына Сіздің назарыңызды алдын ала аударуыңызды сұраймыз!

 

2024 жылы «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК қабылдау туралы ақпарат.

25 маусымнан бастап колледждерге құжаттарды қабылдау басталады:
 
1) көрсетілетін қызметті берушінің (колледждің) кеңсесі арқылы;
2) vko-abiturient.kz ақпараттық жүйесі арқылы;
3) 1 шілдеден бастап e-gov.kz (ЭЦҚ арқылы қол қойылып) порталы арқылы қосымша қабылдау жүзеге асырылады.
 
4 мамандық пен 4 колледжді таңдау мүмкіндігі бар.
 

2024 жылы колледжге қабылдау туралы ақпарат

 

Колледждерге Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар, 9 сынып, 11 сынып түлектері қабылданады.

 

Колледждерге тұлғалардан өтініш қабылдау қағаз нұсқасында 2024 жылғы 25 маусымнан басталады. 2024 жылғы 1 шілдеден бастап – биылғы мектеп түлектеріне арналған www.egov.kz сайтында өтініш қабылдау басталады. Құжаттарға ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.

Өткен жылдардың түлектері құжаттарды колледждерде қағаз нұсқасында тапсырады (әрі қарай ҰББД арқылы www.egov.kz базасына жүктеледі).

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының бекіту туралы» орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына: мемлекеттік тапсырыс бойынша күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 15 тамызы аралығында, ақылы негізде 25 маусымы мен 25 тамыз аралығында қабылданады.

 

Оқуға қабылдау үшін құжаттарды кәмелетке толғандар – жеке өзі, кәмелетке толмағандар – заңды өкілдерінің қатысуымен ұсынады.

 

Арнайы емтихандар (медициналық мамандықтар үшін – психометриялық тестілеу) өткізілетін медициналық мамандықтарды қоспағанда, қабылдау емтихандары болмайды.

 

Конкурсқа қатысуға өтініш берген кезде үміткер төрт колледжге дейін және төрт мамандықты, біліктілікті (қажет болған жағдайда) таңдауға құқылы.

 

Конкурс аттестатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндер бағасының орташа конкурстық балы бойынша талапкерлерді автоматты бөлу жолы арқылы біріңғай республикалық ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.

Бағаның орташа балы қалыптасады:

негізгі орта білімі бар түсушілерге (9 сынып) – үш пәннің бағалары бойынша: міндетті пәнге (қазақ тілі немесе орыс тілі), қалған екі пәнге мамандықтың бейіні бойынша (биология, химия).

жалпы орта білімі бар түсушілерге (11 сынып) – Техникалық және кәсіптік білім беру - төрт пәннің бағалары бойынша: міндетті пәндерге (қазақ тілі немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы), қалған екі пәнге мамандықтың бейіні бойынша (биология, химия).

Медициналық мамандықтарға түсушілер үшін аталған бағаларға арнайы экзаменның балдары қосылады.

 

 

 

Оқуға түсуге қажетті құжаттардың тізбесі:

1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;

2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;

3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;

4) № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

5) квота санатын растайтын құжат;

6) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін).

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.

 

Колледждерге оқуға түсу кезінде «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұлғаларға квота көзделген.

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 261 бұйрығы.

1) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз;

2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер үшін – 0,5 пайыз;

3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 35 пайыз;

4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 4 пайыз;

5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 5 пайыз;

7) кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 5 пайыз;

8) кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз;

9) бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін – 1 пайыз.

 

Оқушылар құрамына қабылдау күндізгі оқу нысанына  -  күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін жүргізіледі.