ШЖҚ “Өскемен медициналық колледжі” КМК 80 жылдан астам уақыт орта, медициналық, фармацевтикалық мамандарды даярлау және қайта даярлау  мен орта буынды медициналық кадрлардың біліктілігін жоғарлату ісін атқарып келеді.

 

Біздің басты мақсатымыз - Бүгінгі таңдағы медициналық колледжі оқушыларының жоғары білім сапасы – келешек Қазақстанымыздың салауатты ұрпағы!

Бұл мақсатқа жету үшін барлық мүдделі тараптардың өзара түсінушілік пен өзара серіктестігіне ұмтыламыз, колледж әрекетінің барлық бағыттарын үздіксіз жүзеге асырамыз. Осының нәтижесінде денсаулық сақтау мекемелерінің мемлекет пен қоғамның қазіргі таңдағы талаптарына сай келетін жоғары білікті мамандарға деген мұқтаждығы қанағаттандырылады.

 

Колледж миссиясы: орта медициналық білімі бар, құзырлы, жауапкер, еңбек рыногында бәсекеге қабілетті, үнемі кәсіби дамуға даяр жоғары білікті мамандарды дайындау. Үздіксіз кәсіптік білім алуда тұлғаның мұқтаждығын қанағаттандыру.