политика противодействия коррупции.pdf

инструкция по противодействию коррупции.pdf

кодекс корпоративной этики .pdf

положение антикоррупционной комплаенс сл.pdf

положение по регулированию конфликта.pdf

 Аналитическая справка по результатам ВАКР

19 сентября 2023 года  КГП на ПХВ «Усть-Каменогорский высший медицинский колледж» УЗ ВКО был проведён правовой семинар  по соблюдению принципов антикоррупционного законодательства Республики Казахстан. В мероприятии приняли руководители и сотрудники колледжа
Цель мероприятия – разъяснение работникам колледжа закона Республики Казахстан «О противодействии коррупции», формирование «нулевой терпимости» к правонарушениям, создание в обществе антикоррупционного иммунитета и формирование антикоррупционной культуры.
В ходе встречи были обсуждены меры по профилактике, предотвращению и предупреждению коррупционных правонарушений.
Особое внимание было уделено пояснению Методических рекомендаций по внутреннему анализу коррупционных рисков в деятельности государственных органов, организаций и субъектов квазигосударственного сектора.
Кроме того, подробно изучен Закон Республики Казахстан №365-VI «О внесении изменений и дополнении в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам противодействия коррупции» от 06 октября 2020 года.
По итогам семинара участникам разъяснено о важности соблюдения антикоррупционного законодательства.

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі №267-1 «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы

2-бап.

1. Осы Заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады..

 

      6-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi жүзеге
              асырушы органдар

      1. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті

 

7-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн
              адамдарға тиiспеушiлiк кепiлдiктерi

      1. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетiн адам мемлекеттiң қорғауында болады.
      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адам туралы ақпарат мемлекеттiк құпия болып табылады.  Бұл ақпаратты жария ету заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ  2015-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

«Қазақстан–2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» және «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауларында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев егемендік, еркіндік пен демократияға негізделген мемлекет пен қоғам құрылысының маңызды тарихи кезеңінің табысты аяқталғанын атап өтіп, Қазақстанның 2050 жылға дейінгі одан әрі дамуының стратегиялық бағытын айқындап берді.

«Қазақстан–2050» Стратегиясының мақсаттарына сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Елбасы айтып өткендей: «Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жемқорлық – жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді сетінетеді және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады».

Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның барлық табыстарына қол жеткізуге мүмкіндік туғызған мемлекетіміздің негізгі құндылығы – Тәуелсіздікке қауіп төндіреді.

Сыбайлас жемқорлық қоғамның мемлекетке деген сеніміне селкеу түсіреді, елдің әлеуметтік-экономикалық және рухани өрлеуіне айтарлықтай кедергі келтіре отырып, мемлекеттік биліктің тиімділігін төмендетеді.

Партия көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отанның» XV Съезіндегі «саяси көшбасшылықтың түбегейлі мәселесі – біздің сыбайлас жемқорлықпен ымыраға келмейтін стратегиямыз» деген тұжырымы қоғамның қазіргі үмітіне толық сай келіп отыр. 

«Нұр Отан» партиясы елдің келешегі мен азаматтардың лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін тарихи жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, қоғам мен мемлекеттің күшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымыраға көнбейтін іс-қимылға, оның пайда болу себептерін жоюға жұмылдырады. 

Партияның саяси Доктринасында бекітіліген – Адам, Бостандық, Заңның үстемдігі, Әділеттілік, Ынтымақшылдық, Болашаққа ұмтылыс, Отбасы мен дәстүр сынды әмбебап құндылықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрестің идеялық негізін құрайды.

Бағдарлама қоғам мен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш-қуатын жұмылдыруға бағытталған саяси құжат болып табылады. Партия Бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік стратегиясының идеологиялық негізін қалайды.

 

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2015-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТРАТЕГИЯСЫ

3. Мақсат пен міндеттер

 

3.1. Мақсат пен нысаналы индикаторлар

 

Осы Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және Қазақстанда сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады.

 

Стратегияда қолданылатын нысаналы индикаторлар:

-         мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы;
қоғамның мемлекеттік билік институттарына сенімі;

-         халықтың құқықтық мәдениетінің деңгейі;

-         елдің халықаралық қоғамдастықтағы беделін арттыру және тиісті халықаралық рейтингтерді, оның ішінде «TransparencyInternational» сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіндегі Қазақстанның рейтингін жақсарту.

 

   3.2. Стратегия міндеттері:

 

-         мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

-         қоғамдық бақылау институтын енгізу;

-         квазимемлекеттік және жекеше сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;

-         соттар мен құқық қорғау органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу;

-         сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің деңгейін қалыптастыру;

-         сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.


      Стратегияның мақсаты мен міндеттері «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламасының ережелерін, сондай-ақ басқа да қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары мен пікірлерін ескереді.

 

 

  1. 1.   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимылдар бойынша колледждегі атқарылған шаралар:

     

    ШЖҚ «Өскемен медициналық колледжі» КМК тәрбие процесінде Қазақстан Республикасының  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 18.11.2015ж №410-Ү «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заңына сая сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілікті тәрбиелеу үшін колледж заңгерімен тікелей жұмыс ұйымдастырылады:

    1) Семинар «Права и обязанности человека и как они проявляются в повседневной жизни»;

     2) Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрліктің ШҚО бойынша департаментінің басшысы, этика жөніндегі кеңес төрағасы Жумагулов Токтамыс Кадошевичпен түсініктеме кездесу ұйымдастырылды. Оның барысында  мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер жөнінде нормативті құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің2014 жылдың 26 желтоқсанында  №986 Қаулысымен бекітілген 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен таныстырды. 

    3) «Таза сессия» атты акция жүргізілді, сенім жәшігі мен студенттердің арыздану журналы орнатылды, колледжде сыбайлас жемқорлық фактілеріне деген студенттері тарапынан шағымдар болған жоқ.

    4) Студенттердің арасында колледжде сыбайлас жемқорлық элементтерін айқындау бойынша сауалнама ұйымдастырылды, онда студенттер сыбайлас жемқорлық деген не екенін білетіндігін, сыбайлас жемқорлық жағдайлардың қатысушыларының жоқ екендігін белгіледі. 

 

Скачать документы:

  1. приказ об утверждении Оценки корупционных рисков
  2. План мероприятий по противодействию коррупции на 2023-2024 учебный год
  3. Антикоррупционная стратегия Республики Казахстан 2015-2025 годы
  4. Антикоррупционная хартия