Кітапхана абонемент және кітап қоймасынан, оқу залы, компьютерлік кластан тұрады. Кітапхананың аумағы 241,4 ш.м. Оқу залында барлығы 176,6 орынға арналған, 14 компьютер ғаламтор желісіне қосылған, студенттерге арналған принтер, 2 сканер, көшіру аппараты бар. 

Кітапхана қорын  38743 дана оқулық құрайды, оның ішінде оқулықтар саны 33035 дана, оның ішінде мемлекеттік тілде  7738 дана. 

Кітапхана көрсеткіштері:

Оқырмандар – 1150,

Келу -11030,

Кітап беру – 47100.

Қосымша әдебиет қоры ресми, анықтамалық-библиографиялық салалық сөздіктер, анықтамалықтар, энциклопедиялар, ғылыми басылымдармен ұсынылған және кітап қорында көркем әдебиеттер де бар. 

Колледж профилі бойынша 29 атаулардан тұратын жыл мерзімдік басылымдар, олар барлық оқытылатын пәндерден қазақстандық және ресейлік  медицинаық журналдар, ұстаздарға араналаған методикалық журналдар. 

Оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді іріктеуде колледжіміздегі оқытушылардың басылымдары маңызды орын алады. Көбі дерлік электронды түрде.(дәрістер мен практикалық сабақтар).

Электронды тасымалдаушылардағы басылымдардың қорын 250 дана құрайды, мемлекеттік тілде – 110 дана.

Оқу бағдарламаларының барлық пәндері бойынша оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтылуы бір студентке 25 тен 40 данаға дейін құрайды, ол белгіленген лицензиялық нормативтеріне сай келеді.

Колледж кітапханасының заманауи моделін қалыптастыру мақсатында, кітапханалық процестерді автоматтандыру үшін Қазақстандық Автоматтандырылған  Кітапханалық-Ақпараттық Жүйе сатып алынып орнатылды (КАБИС Standard). КАБИС Standard – жұмысты бастауға арналған барлық қажетті модульдерден тұрады: мерзімді баспасөзді Администрациялау, Комплектілеу, Каталогтау, Тапсырыс жасау және тіркеу, толық мәтіндік мақалалардың картотекасы, оқырмандық іздеу.

Сонымен қатар  «ГЭОТАР-Медиа» ЭБС Студент консультанты  тобындағы бағдарлама, Баспасөздің электрондық өнімдері. Медициналық колледжге арналған электрондық кітапхана орнатылды. Бұл базада 75 мемелекттік тілде 75 орыс тілінде электронды түрде жазылған, оқу процессіне қажетті медициналық кітаптардың толық мәтіні бар.

 «Параграф» бағдарламасы іс жүзінде.

Кітапхана оқу процесі мен ғылыми зерттеулердің ақпараттық қамтамасыз ету қызметін атқарады. Бүгінгі таңда оны компьютерлерсіз және заманауи ақпараттық технологияларсыз қарастыру мүмкін емес. Кітапхана студенттерге, интерн-дәрігерлерге, және колледждің оқытушлар құрамына, практикалық денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне және біліктілікті арттыру бөлімшесінің тыңдаушыларына қызмет көрсетеді. Ақпараттық ресурстардың сапасын басқарудағы инновациялар саясатының мәні ұйымдастырушылық құрылымдарды, кітапханалық технологияларды модернизациялауда, ақпараттандыру жағдайларында жұмыс істеу үшін персоналды даярлауда. Кітапхана қызметкерлерінің еңбек және басқару мәдениеті оқырмандардың мүдделері үнемі бірінші орында тұратынымен құрылады. Кітапхана дамуының негізі ақпараттық ресурстардың интеллектуалды капитал-қорларын арттыру болып табылады. Қазіргі таңда кітапхана оқырмандарға ақпараттардың әр алуан көздерін, кітаптарды, газеттерді, журналдарды, атластарды, бейнефильмдерді, аудиотаспаларды, компактдискілерді және әр түрлі мәліметтер базасын ұсынады. Коллекцияға келесі ресурстар кіреді:

 

Барлық алынған электрондық базалар колледжіміздегі кітапхананың электрондық залдарында қол жетімді..

Қазіргі кезде электрондық кітапхананы ашу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ол атқарып жатқан жұмысымыздың сапасын жақсартады, соның ішінде студенттердің де жұмыстарын жақсартады. Электрондық кітапхана біздің оқырмандарымыздың сабақ оқуларына тікелей көмек жасайды. Колледждің web-caйтында  кітапханамыздың  парақшасы бар, онда үнемі жаңа келіп түскен кітаптардың виртуалды көрмесі ұсынылып отырады жәнеде кітапханада өтетін барлық іс шараларды жариялаймыз.

Ктапхана қызметкерлері Республикалық медициналық кітапханамен, Семей қаласының Мемлекеттік медицина университетінің ғылыми кітапханасымен, А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханамен, О.Бөкей атындағы қалалық кітапханасымен, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ ғылыми кітапханасымен және қаланың басқа кітапханаларымен тығыз бірігіп қызмет атқарып отырады. Әр түрлі өткізілген іс шараларға қатысады. Ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету тәсілдері арқылы колледждің білім және тәрбиелеу процестерін қамтамасыз етуде кітапхананың рөлін арттыру. Кітапханашылар жыл сайын бірінші курс оқушыларымен кітапханалық библиографилық сабақтарын өткізіп отырады, барлығы 48 сағат. Сабақтар оқу жоспарына сай жүргізіледі: аталған сабақтар бойынша дәрістер мен слайдттар әзірленген. Кітапхана қызметкерлері студентердің рухани-адамгершілік құндылықтарын «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық патриоттық идеясы рухани-имандылық құндылықтарды қалыптастыру, патриоттық тәрбие беру, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайту жөніндегі колледж кітапханашылырының шығармашылық жұмыстары. Аталған тақырып бойынша кітаптардың, кураторлық сағаттардың талдамалары, облысымыздың әйгілі тұлғаларымен кездесулердің талдамалары ұсынылған. 1941-1945 жылдардағы соғыста Ұлы Жеңіс күніне орай «Жеңіс көктемі» атты жалпы колледждік оқырмандар конкурс түрінде шара ұйымдастырылып өттті, онді авторлық өлеңдер ұсынылды, жеңімпаздар құнды сыйлықтармен марапатталды. Кітапхана қызметкерлері әр квартал сайын жаңа келіп түскен кітаптарға виртуальді көрмені сайтқа қоямыз.