Өскемен медицина колледжі 1935 жылыКиров аудандық денсаулық сақтау бөлімі мейірбикелердің екі жылдық мектебі  ретінде ашылған және терапия ауруханасына қарасты болған.

Аурухананың бас дәрігері Леон Карлович Бухгольц. Мектептің бірінші директоры болды, кейіннен халық жауы атанып, 1937 жылы репрессияға ұшыраған. 

 

 

1937 жылы алғашқы мейірбикелер бітіріп шықты. Осы жылы мектепті Дмитрий Иванович Евградов басқарды, ол Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен майданға аттануды қалап, 1941 жылғы түлектердің барлығы директормен бірге майданға кетті.

1941-1953 жылдары мектепті Зима Надежда Аврамовна басқарды.

1948 жылы мектеп фельдшерлік-акушерлік мектепке айналды.

 

 

 

 

1953 жылы мектеп медициналық училище болып атанды. 1953-1969 жылдар аралығында практикалық денсаулық сақтау саласына фельдшерлер, акушерлер мен мейірбикелерді  даярлайтын училищені майдан дәрігері, әскери дала госпиталінің бастығы Екатерина Михайловна Измайлова  басқарады. КСРО Министрлер кеңесінің өкіміне саймектеп  медициналық училищесіне ауыстырылған.

 

 

 

 

 

 

 

Денсаулық сақтау саласының ардагерлері қазіргі күндері де Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген дәрігері, училищенің бұрынғы директоры А.В.Кашкаровты құрметпен және алғыспен еске алады. Ол училищені 1969-1985 жылдар аралығында басқарды. 2010 жылдың қазанында А.В.Кашкаровтың атағына арналған мемориалды тақта орнатылды.

 

 

 

 

 

 

 

1985 жылдан бастап №4 қалалық ауруханасының бас дәрігері Нина Михайловна Василюк  училищенің директоры болып тағайындалды. Бұл кезең колледждегі маңызды оқиғалардың бастауы болды.

 

 

 

Василюк Н.М. жетекшілігімен болған жетістіктер:

  • 1994 жылы медициналық училище медициналық колледж дәрежесіне ие болды.
  • 1994 жылы біліктілікті арттыру бөлімшесі ашылды.
  • 1995 жылдан бастап кадрларды қазақ тілінде даярлау басталды.  
  • 1996  жылдан бастап Ұлыбританиямен бірге «Лемон» Халықаралық жобамен жұмыс жүргізілді, еуропалық білім беру стандарттарының талаптарына сай мейірбикелерді даярлау жүзеге асырыла бастады.
  • 1997 жылы бірінші компьютерлік сынып ашылды, кейіннен 2007 жылы жергілікті жүйелі электрондық кітапхана құрылды.

1990 жылдан бастап «Бірінші дәрігерге дейінгі көмек», «Жастар салауатты өмір салты үшін», «Жасөспірім және дауларды шешу», «ЖҚТБ індетіне қарсы іс қимыл» бағдарламалары бойынша оқушылармен волонтерлік жұмыс қайта жаңғырды, туберкулез бен ЖҚТБ алдын алу бойынша буклеттердің конкурс байқауларына қатысу дәстүрге айналды.

 

2008-2010 жылдарда «Өскемен медициналық колледжі» КМҚК директоры қызметін Омарбеков Е.С. атқарды.

2010-2014 жылдар аралығында колледж директоры қызметін Кожасеитов Ришат Кунашевич  басқарды. Денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы, жоғарғы санаттағы фтизиатр дәрігері.  гг. директором КГКП «Усть-Каменогоский медицинский колледж» является Омарбеков Е.С.

С 2010 года до 2014 год директором колледжа был назначен Кожасеитов Ришат Кунашевич.Қазақстан Республикасы тұрғындарының денсаулығын сақтау ісіндегі ерекше үлестері үшін «Казакстан Республикасы денсаулык сактау ісінін уздігіне» атты төсбелгісімен марапатталған. Орта медициналық қызметкерлер бойынша ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас маманы.

 

2014 жылдың 4 шілдесінен бастап «Өскемен медициналық колледжі» КМҚК директоры қызметіне Ахмадиев Адлет Амангельдинович тағайындалды.

Жетекші ретінде оның жұмыс стилі негізінде оқу орны ұжымының қолайлы моральдік-психологиялық климатына сай келеді.

Адлет Амангельдинович педагогикалық шеберліктің жоғарлауына, колледждегі тәрбие процесіне, қызметкерлердің біліктілігін арттыруына, оқытушылардың дамуына, циклдық әдістемелік комиссияларының жұмысына, колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға көп көңіл бөледі. Біліктілікті арттыру бөлімшесіне дербес компьютерлер, интерактивті жабдық сатып алынды, спорт жабдықтары алынды, Облыстық клиникалық ауруханасының базасында симуляциондық орталық құрылды.

Оқу-тәрбие процесіне инновациялық технологиялар енгізілуде. Студенттер халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың, қалалық сайыстардың, қаланың қоғамдық шараларының қатысушылары болды.