Білім беру жүйесіндегі негізгі фигура - құзырлы маман, үнемі кәсіби өсуге мүмкіндігі бар және тырысатын шығармашылық тұлға педагог болып табылады. Педагогтардың кәсіби құзырлығы оқу-тәрбие процесі ұйымдастырылуының сапасын және келешек ұрпақтың интеллектуалды, жеке тұлғалық және адамгершілік-рухани дамуын анықтайды.
Оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың сапасы педагогикалық кадрлардың білімдік және біліктілік деңгейімен анықталады.
Кадрлар құрамы колледж директорымен бекітілген және ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығымен келісілген штаттық кестеге сай іріктелген
2022-2023 оқу жылында (06.05.2023 ж. деректер) колледжде штаттық 104 оқытушы (83,9%), қосымша штатта 20 оқытушы (16,1%) жұмыс істейді. Оның ішінде: жоғары біліктілік санаты бар, педагог-зерттеуші – 22 адам, бұл 17,7%; бірінші біліктілік санаты бар педагог-сарапшы – 20 адам, бұл 16,2%; екінші біліктілік санаты бар педагог-модератор – 18 адам, бұл 14,5%; санаты жоқ – 64 адам, бұл 51,6%. Санатқа бөлу 33,9% құрады. Колледжде денсаулық сақтау ісінің үздігі – 4, білім беру ісінің үздігі – 1, Ы.Алтынсарин төсбелгісімен – 2, «Білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен 1 студент бар. Мемлекеттік тілде 105 мұғалім сабақ береді (84,7%). 25 оқытушының магистр дәрежесі бар, бұл 20,2%.
Педагогикалық кадрлардың іріктелуі арнайы пәндер бойынша тиісті жоғарғы медициналық және педагогикалық білімі бар тұлғалардан жинақталады. Оқытушылар құрамы білікті мамандардың ішінен іріктеледі, базалық білімі, еңбек тәжірибесі мен өтілі, біліктілік санаты есепке алынады
Оқытушылық қызметке Өскемен қаласының емдеу алдын алу мекемелеріндегі аса білікті мамандардың ішінен қосымша істеуші мамандар шақыртылады., нәтижесінде кадрларды даярлау барысында практикалық денсаулық сақтау мақсаттарымен тығыз байланыстың жүзеге асырылуы және барлық пәндер бойынша оқу жоспарлары мен бағдарламалардың толық орындалуы жүзеге асырылады. Тәжірибелі мамандардың оқытушылар құрамында болуы заманауи практикалық қызмет атқару барысындағы талаптарға бағытталған мамандарды даярлаудағы ықпалы мол