ЖШҚ «ӨСКЕМЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КМК САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ

         1. Еңбек рыногында бәсекеге қабілетті маманды даярлау – біздің басты мақсатымыз.

Осы мақсатқа жету үшін мүдделі тараптардың өзара түсінушілігіне және өзара қарым-қатынастығына ұмтыламыз, колледж қызметінің әр-алуан бағыттарын үнемі үздіксіз жүзеге асырамыз.  Осыған байланысты денсаулық сақтау мекемелерінің мемлекетіміз бен қоғамның қазіргі таңдағы талаптарына жауап бере алатын жоғары білікті мамандарға деген мұқтаждықтары қанағаттандырылып келеді.

         2. Оқушылардың сапалы орта медициналық білім алу мұқтаждықтарын қанағаттандыру, орта медициналық білім сапасын жоғарлату, тиімді ету – колледждің басты мақсаты.

          Ол мыналардың негізінде шешіледі:

–          колледждегі сапа менеджменті жүйесін жетілдіру;

–          мамандарды дайындаудағы қажетті сапасына жеткізетін нормативтік базаны қалыптастыру;

–          әкімдік-басқару, оқытушы және қосымша оқу персоналының кәсіптік шеберліктерінің өсуіне және еңбек сапасын жоғарлауына ықпал жасау;

–          сапа саласында білім беру процесіндегі барлық субьектілерді үздіксіз даярлау жүйесін енгізу;

–          кәсіптік оқыту мен тәрбиенің біртұтастығын қамтамасыз ету; 

–          оқу-әдістемелік құжаттама, оқулықтар, оқу құралдар, дидактикалық және әдістемелік материалдардың сапасын жетілдіру;

–          колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту;

–          ұжымның жоғары потенциалын жүзеге асыру үшін жағдай жасау.

3. Колледж басшылығының колледж әрекетінің барлық бағыттарында сапа бойынша жауапкершілігі.

         Колледждегі әр қызметкердеің жеке бас жауапкершілігі және олардың міндеттемелері мен өкілеттілігінің нақты белгіленуі барлық құрылымдық бөлімшелердег  қажетті жұмыс сапасына жетуге мүмкіндік береді.  

         4. Білім беру сапасын басқару бойынша әлеуметтік серіктестіктермен жұмыс жүргізу – мамандарды табысты даярлаудың кепілі.

         Ббәсекеге қабілетті түлектерді оқыту мен тәрбиелеудегі негізгі мақсатты бірігіп шешу үшін емдеу-профилактикалық және фармацевтикалық мекемелермен серіктестік қарым-қатынастарды дамытуға аса көңіл бөлеміз

         5. Жұмыс сапасы – біздің жалпы ісіміз. Сапаны жақсарту - әрқайсымыздың міндетті ісіміз.

         Барлық бағыттар бойынша колледж іс-әркеті сапасының кепілі ретінде ИСО 9001 сериясындағы халықаралық стантарттардың негізінде сапа менеджменті жүйесін енгізуге жауапкершілігін басшылық өзіне артады.

         6. колледж іс-әрекеттері процестерінің мониторингі – мамандарды даярлау ісіндегі нәтижелерге жетудің кепілі.

         Колледж басшылығы білім беру қызметін, түлектердің жұмысқа орналасуын барлық аспектілерде жүйелі түрде талдап отырады, колледж қызметіне қанағаттануын анықтау мақсатында білім беру процесінің барлық субъектілеріне социологиялық зерттеулер жүргізеді.

 

«ӨСКЕМЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КМҚК

САПА САЛАСЫНДАҒЫ МАҚСАТТАР

         Сапа саласындағы негізгі мақсаттар – еңбек рыногында бәсекеге қабілетті маманды дайындау.

         Стратегиялық мақсат  — отандық және шетелдік ұйымдармен серіктестік қарым-қатынастарды кеңейту, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, ішкі және сыртқы рынокқа жоғары білікті мамандарды дайындау негізінде халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялау.  

         Аталған мақсаттарға үшін  мына міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:

  • колледжде сапа менеджменті жүйесін жетілдіру
  • орта медициналық білім беру жүйесінде жеке тұлғаға бағытталған шығармашылық педагогиканың тұжырымдамасын келешекте жүзеге асыру
  • еңбек рыногы мен білім беру қызметтер рыногын талдау, қысқа мерзімге және ұзақ мерзімге құралған жоспарлардың болжамын жасау;
  • үздіксіз медициналық білім беру жүйесін келешекте дамыту;
  • жастардың әлеуметтік тұтастығына жағдайлар жасау;
  • түлектерді алған кәсіптік білімдеріне деген қанағаттанарлық дәрежесін анықтау;
  • түлектердің кәсіптік тұрғыдан өсуі мен карьераларының дамуын бақылау;
  • талапкерлердің кәсіби бейімделуі;
  • ұзақ, орта және қысқа мерзімге жоспарланған орта медициналық білім беру мекемесінің ақпараттық-әдістемелік және материалдық-техникалық жабдық материалдарын қалыптастыру;
  • қазіргі уақыттағы материалдық-техникалық жабдық деңгейін жоғарлату және білім беру процесін ақпараттық-әдістемелік жабдығының сапасын жақсарту;
  • ақпараттық-әдістемелік және материалдық-техникалық жабдықталу сапасының негізгі көрсеткіштерін және бағалау әдістемесін әзірлеу;
  • оқулықтарға, оқу құралдарына, дидактикалық және әдістемелік тамериалдарына мұқтаждықты айқындау;
  • оқулықтар мен оқу құралдарын, оның ішінде дипломнан кейінгі білім алу деңгейінде дистанциондық оқуға бағытталған өз бетінше жұмысқа арналған оқулықтарды жасау;
  • білім беру процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу;
  • білім беру мекмесіндегі кадрлық ресурстардың сапасын басқаруға нормативтік-құқықтық және ақпараттық базаны жетілдіру;
  • Үздіксіз орта медициналық білім беру сапасын басқару тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында басшылық, ғылым, оқытушылар мен оқу-қосалқы персоналына қойылатын біліктілік талаптарын қайта қарастыру;
  • жұмыскерлердің біліктілігін арттыру, олардың өз бетінше дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруына жағдай жасау;
  • жұмыскерлердің кәсіптік шеберліктерін дамыту және еңбек сапасына материалдық және моральдік тұрғысынан ықпал ету;
  • Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі кадрлық ресурстарды басқару тиімділігін бағалау;
  • колледж іс-әрекетін басқарудағы ақпараттық ортаны келешекте ары қарай дамыту;
  • дәстүрлі және жаңа ақпараттық-білім беруші технологияларынан тұратын педагогикалық технологияларды қолдану;
  • білім беру сапасын қамтамасз ету факторы ретінде денсаулық сақтаушы білім беру кеңістігін дамыту;
  • колледж жұмыскерлерінің бірлескен ынтымақтастық сезімдерін қалыптастыру;
  • теориялық және практикалық оқыту сапасының мониторингтік жүйесін келешекте ары қарай қолдану;
  • оқушылардың жеке тұлғалық және әлеуметтік даму мониторингін жүргізу.

Ұжым жұмысының негізгі бағыттары:

1.     білім беру сапасын жоғарлату мақсатында біртұтас білім беру жүйесін дамыту;

2.     Колледж оқытушылары жұмысының үздік тәжірибесін, практикаға педагогикалық ғылым жетістіктерін практикаға енгізу нәтижелерін және оқытушылардың үздік тәжірибелерін бағалау;

3.     Денсаулық сақтаушы білім беру кеңістігін қалыптастыру тиімділігі;

4.     Білім беру процестеріне қатысушылардың мотивациясы мен ынталандыруын дамыту;

5.     Оқытушылар мен оқушыларға консультативтік-әдістемелік көмек көрсету үшін ақпараттық орталықтағы электронды кітапханасының базасында жасау.

 

 

САПА ШАРАЛАРЫ, ПРОЦЕСТІҢ КРИТЕРИЙЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ӨЛШЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

Білім берудің сапалық көрсеткіштерін көрсететін сандық көрсеткіштерін үнемі жақсарту.

-         оқылатын пәндер бойынша оқу топтарының үлгерімі;

-         оқылатын пәндер бойынша оқу топтарының білім сапасы;

-         оқылатын пәндер бойынша оқу топтарының орташа ұпайы;

-         оқылатын пәндер бойынша оқу топтарының білім дәрежесінің көрсеткіші;

-         оқу сабақтарына қатысушылық пайызы;

-         Республика, облыс, қала және колледж деңгейіндегі пән олимпиадаларына қатысқан оқушылардың пайызы;

-         Пән үйрмелерін, спорт секциялары мен клубтарына қатысатын оқушылардың пайызы;

-         Ғылыми конференцияларда, семинарларда қатысқан оқытушылардың пайызы.

2012 жылы крооелдж СМЖ ресертификациясынан өтті, ал 2013 жылы 2 мамырдағы № ЦС 02-02-13/058 шарт негізінде 2013 жылдың 28 мамырындағы сертификацияланған инспекциялық бақылаудан өтті.

Колледжге 2015 жылдың 10 маусымында сапа менеджментіне сай сертификат берілді.