«Өскемен жоғары медицина колледжі» ЕІ107-2024 тобында педагог-психолог Амиренова Э.К. жетекшілігімен
«Бір-бірімізді түсіну және қолдау» тақырыбында тренинг өткізілді.
Тренингтің мақсаты – студенттер арасында өзара түсіністік пен сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, бір-біріне қолдау көрсету дағдыларын дамыту болды.
Қатысушылар белсенді қатысып, түрлі психологиялық жаттығулар мен пікірталастар арқылы топ ішіндегі сенімді, жылы психологиялық ахуал қалыптастырылды.