Балаларды қорғау күніне орай – «Балаларға деген махаббатпен» атты қалалық қайырымдылық акциясы
1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған «Балаларға деген махаббатпен» атты қалалық қайырымдылық акциясына Өскемен жоғары медициналық колледжі белсене атсалысты.
Іс-шара барысында колледждің білікті оқытушылары алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған шеберлік сағаттарын өткізіп, балалар мен қатысушыларға маңызды білім мен дағдыларды үйретті:
• Мүсенов А. – «СЛР – жүрек-өкпе реанимациясы» тақырыбында адам өмірін құтқаруға бағытталған шұғыл әрекеттерді көрсетті;
• Күзеубаева Е. – «Қан кетуді тоқтату» және «Геймлих әдісі» бойынша тәжірибелік сабақтар ұйымдастырды;
• Костылевская Р. – «Улыбка здоровья» атты қызықты әрі танымдық сабағы арқылы балалардың денсаулыққа деген көзқарасын арттырды.
Сонымен қатар, Дант 119-2022 тобының студенттері «Сау тістер» атты танымдық шара өткізді. Олар балаларға ауыз қуысы гигиенасы, пайдалы және зиянды әдеттер туралы түсінік берді.
Колледждің психолог маманы мен белсенді студенттері балалармен түрлі ойындар ойнап, жылы жүзбен тілдесіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара соңында колледж ұжымы өздері дайындаған сыйлықтарды таратып, бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады.
❤️ Балаларға деген қамқорлық – болашаққа салынған мейірімді жол!