2018 жылдың 1 қыркүйегінде колледж бірінші курс студенттері  болашақ мамандарды қарсы алды. Колледж директоры Ахмадиев Адлет Амангельдинович белсенді және шығармашылық еңбектері үшін, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шараларға қатысқаны үшін оқытушылар мен жоғары курс студенттерін грамоталар және алғыс хаттармен марапаттады. Топ жетекшілері Білім күні және Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне арналған сынып сағаттарын ұйымдастырып өткізді.