2017 жылдың 5 желтоқсанында Өскемен медициналық колледжінде Өскемен қаласының ІІБ бірге «16 дней без насилия в отношении женщин» атты акция өтті. Колледж студенттері отбасылық құндылықтар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеуді насихаттау бойынша флешмоб ұйымдастырды. Акцияның мақсаты- халық арасында құқықтық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатуды насихаттау.