«Оқу колледжі» тұжырымдамасы  аясында  СД-201-2022 тобымен колледждің оқу залында «Біз Абайды білеміз, оқимыз, бағалаймыз» тақырыбында  әдеби аукцион өткізілді. Әдеби аукционның мақсаты: оқушылардың  ұлы ақын, жазушы, ағартушы, қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін жетілдіру. Студенттер үшін  Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына және Абайдың өмірі мен қызметі туралы көрмелер ұйымдастырылды. Студенттер бұл шараға белсенді қатысып, Абай шығармашылығы туралы жақсы білімдерін көрсетті. Сарыбаева Жұлдыз «Балалық өлді білдің бе?» атты өлеңін, Авдил Мадина «Қара сөз» кітабынан отыз бірінші сөзін оқыды.