2018 жылдың 31 мамыр күні «Өскемен медициналық колледжінің» ЕІ 308 топ студенттері, оқытушы Жұманғазина А.Б. жетекшілігімен саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу мұражайына саяхат жасады.
Іс – шараның мақсаты: жазықсыз шапа шеккен ұлт жанашырларын еске алып, жастарды патриоттыққа баулу, айтулы азаматтардың істерін, тарихын таныстырып қуғын – сүргінге ұшыраған кшбасшыларды еске алу болып табылады.
Мерекелік іс -шараға саяси қуғын – сүргін құрбандарының ұрпақтары және Өскемен қаласының құрметті азаматтары Қажыбаев А., Абесова Б.Н., Ерасбекова И.Ю., Өскемен қаласының ардагерлерінің төрағасы Инья С.А қатысты.
Осы іс – шарада сол зұлмат жылдарды естіген, оларға тікелей қатысы бар ұрпақтардың естеліктері мен әңгімелері тыңдалды.