2021жылдың31-шімамыркүні Өскемен жоғары медицина колледжінде «Мейіргер ісі» мамандығының МІ-102 тобының студенттерінің қатысуымен 31-мамырқуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай жазықсыз жапа шегіп, еліміздің егемендігі жолында жанын құрбан  еткен азаматтардың рухына тағзым ету мақсатында «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу» атты тақырыпта қашықтан оқу түріндеА.А. Мазбаева кураторлық сағат өткізді.

Елбасымыз 1997 жылы 31 мамырды «Ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» деп белгілеп, жарлыққа қол қойған болатын. Кураторлық сағат студенттерді жазықсыз жандарды өлімге байлаған сол зұлматты жылдардың ауыртпалығымен, ұлтымызға жасалған үлкен соққымен, тарихымыздың ақтаңдақтарымен және де тәуелсіздік жолында құрбан болған тұлғалардың еңбектерімен таныстыру мақсатында өтті. «Мейіргер ісі»-102 тобының студенттері құрбан болған тұлғалар туралы көптеген мәліметтермен таныстырылды. Ақпараттармен танысқаннан кейін, әрбір студент өз пікірлерін ортаға салып, сұрақтарға жауап берді.

Әрбір азамат осы қайғы-қасіретті ұмытпауы керек. Бұл кураторлық сағат арқылы, студенттер өткен тарихты еске түсірді. Біздің ендігі жерде  борышымыз — осы қаңқұйлы жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау.