2025 жылғы 14 мамыр күні Өскемен жоғары медициналық колледжінің оқытушылары ұлттық ойындардан керемет жетістікке қол жеткізді.
Бес тас ұлттық ойыны бойынша:
• Жұртбаева Клара Аденбековна
• Сүлейменова Жанар Тоқтамысовна
• Жарылғапова Арай Мұхаметқалиевна
Асық ату ойыны бойынша:
• Айтқалиев Тлеубек Серікұлы
• Дүнебаев Олжас Серікқанұлы
• Жүнісов Нұржан Ташкенұлы
барлық қарсыластарынан озық шығып, жүлделі І орынды иеленді және Алматы қаласында өтетін республикалық ұлттық ойындар сайысына жолдама жеңіп алды.
Жеңімпаздарымызды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістік — олардың кәсіби шеберлігінің, табандылығы мен зияткерлік қабілетінің айқын дәлелі.
Сондай-ақ, осындай нәтижеге жетуге үлес қосқан жаттықтырушы Жашиков Б.М.-ға алғысымызды білдіреміз! Алда өтетін республикалық жарыстарда да сәттілік пен толағай табыстар тілейміз!
@kasiptik_bilim_beru_ortalyqy
@shygys_bilim_basqarmasy
@inessachernyshyova