Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында Өскемен жоғарғы медицина колледжінде ШҚО ТЖД құтқарушылары жастарды жер сілкінісі кезінде өзін-өзі ұстау ережелеріне үйрету мақсатында сейсможаттығу өткізді.

ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері студенттерге жер сілкінісі кезінде адамдар жіберетін ең жиі кездесетін қателіктерді түсіндіріп, жер сілкінісіне дейін, кезінде және кейін қалай әрекет ету керектігін айтып берді.

Одан кейін – тәжірибелік бөлім. Белгі берілген сәтте колледж ғимаратындағы студенттер қауіпсіз орындарға барып, содан кейін ғимараттан эвакуацияланды.

«Сейсможаттығулар студенттердің әрекеттерін автоматтандыруға, жер сілкінісі кезінде үрейге бой алдырған кезде жіберілетін қателіктерді тәжірибе жүзінде талдауға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ШҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Даурен Ағажаев.