4-і маусым 2023 жылы  Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің  қабырғасында Өскемен қаласының тарихында тұңғыш рет “DEBATE PREMIUM” атты жылдың ең үздіктерін марапаттау кеші өтті. Марапаттауға ШҚО Білім басқармасының басшысы И.Чернышеваның алғыс хаты  және Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының  «Тұлғаны рухани-адамгершілік дамыту» тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Тауанова Бағлан Париолдақызы  «Аргумент» дебат клубының келесі мүшелеріне  түрлі  номинацияларды табыстады:

1)Болатқанова Іңкәр-“ҮЗДІК КООРДИНАТОР”
2)Советканова Арайлым-“Ең сабырлы пікірсайысшы”
3)Төлегенова Ерке- “Өскемен пікірсайыс қозғалысына үлкен үлес қосқаны үшін”.

ШҚО Білім басқармасына және  Өскемен дебат клубына, ұйымдастырушыларға  ерекше алғыс білдіреміз! Осы жыл көлемінде оқу жылымыздың ерекше есте қалуына үлес қосып,әр қырымыздан ашылуымызға мүмкіндік беріп,дамуымызға үлес қосқандарыңыз үшін Өскемен жоғары медициналық колледжінің әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз.