14 – Наурыз Көрісу күні – халқымыздың береке-бірлігін нығайтатын, адамдар арасындағы сыйластық пен құрметті арттыратын тамаша дәстүр. Өскемен жоғары медициналық колледжінде бұл мерекенің аталып өтуі – ұлттық құндылықтарды дәріптеудің жарқын көрінісі.
Көрісу күні – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіліп, адамдар бір-бірімен қол алысып, амандасып, жақсылық тілейтін күн. Бұл мереке әсіресе ренжіскен жандардың татуласуына, ағайын-туыстың бір-біріне деген мейірімін еселеуге үлкен мүмкіндік береді.