Өскемен жоғары медициналық колледжінің МІ ҚБ 105-2021 тобының түлектері игі дәстүрді жалғастырып, колледж әкімшілігі мен пән мұғалімдеріне алғыс білдіре отырып, студенттерге қасиетті Рамазан айымен құттықтау жолдады. Ізгі ниеттерін білдіру мақсатында, ауызашар уақытында су және құрма таратып, сауапты іс жасады. Бұл бастама – Рамазан айының рухани маңыздылығын, қайырымдылық пен бірлік құндылықтарын дәріптеудің тамаша үлгісі. Түлектердің осындай ізгі әрекеті кейінгі буын студенттерге үлгі болып, колледж қабырғасында жыл сайынғы дәстүрге айналады деп сенеміз.