1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Өскемен жоғары медициналық колледжінің ЕІ 113-2024топ студенттері, колледж психологы және белсенді волонтёрлар тобы «ШҚО білім басқармасы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ-на барып, тәрбиеленушілерге қуаныш сыйлады.
Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында түрлі қызықты ойындар ұйымдастырылып, мерекелік атмосфера жасалды.
Студенттер өздерімен бірге тәттілер мен сыйлықтар апарып, балаларға қуаныш пен мейірім сыйлады.
Бұл іс-шара – болашақ медицина қызметкерлерінің жанашырлық пен адамгершілікке толы жүректерінің жарқын көрінісі.
Қамқорлық пен жылулықты қажет ететін әр бала – біздің назарымызда!