2025 жылдың 15 мамырында Өскемен жоғары медициналық колледжінде студенттерге арналған репродуктивті

денсаулықты сақтау тақырыбында ақпараттық-профилактикалық дәріс өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — жастардың репродуктивті денсаулықты сақтау маңыздылығы, жыныстық

жолмен берілетін аурулардың алдын алу, ерте жүктіліктің алдын алу, кездейсоқ жыныстық

қатынастардан туындайтын асқынулар туралы хабардарлығын арттыру және өз денесіне,

психоэмоционалдық жағдайына жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыру

Студенттер алдында шақырылған мамандар сөз сөйледі:

1. Володкина Сабина Павловна — дерматовенеролог дәрігер, №4 қалалық аурухана

2. Сеилханов Алибек Ерқайратұлы — уролог-андролог дәрігер, ШҚО

мамандандырылған медициналық орталығы

3. Заирова Бақыт Хамзақызы — психолог, “Менің отбасылық амбулаториям” ЖШС

4. Касымханова Лиза Теңізбайқызы — бас балалар гинекологы, Ана мен бала орталығы

5. Садвокасова Алтынай Жұмабекқызы — акушер-гинеколог, №2 емхана

Спикерлер репродуктивті және психологиялық денсаулықтың әртүрлі аспектілері туралы айтып,

студенттердің сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, профилактикалық

шаралардың және қажет болған жағдайда дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығын атап өтті.