2025 жылы «Өскемен жоғары медицина колледжі» ШЖҚ КМК қабылдау туралы ақпарат.

Тұлғалардың колледжге оқудың күндізгі нысанына өтініштерін қабылдау:

* мемлекеттік тапсырыс бойынша: 2025 жылдың 25 маусымы мен 15 тамызы аралығында;

* ақылы негізде: 2025 жылдың 25 маусымы мен 25 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 12.00-ден 13.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.00-ден 17.00-ге дейін.