2025 жылдың 16 мамыр күні Шығыс Қазақстан облыстық филармониясында «WorldSkills Shygys-2025» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының марапаттау рәсімі өтті.

Биылғы чемпионат 28 құзыреттілік бойынша ұйымдастырылып, өңірдің түрлі білім беру ұйымдарының дарынды жастары өз шеберліктерін көрсетті.

«Медициналық және әлеуметтік көмек» құзыреттілігі бойынша Усть-Каменогорск жоғары медициналық колледжінің студенттері жоғары нәтижелерге қол жеткізді:

• Рахметоллаева Еркежан (эксперт-сарапшы Омарова З.Н.) — І орын

• Турусбекова Назерке (эксперт-сарапшы Нурбаева Г.К.) — ІІ орын

Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

Олардың бұл жетістігі – колледжіміздің сапалы білім мен кәсіби даярлықтағы табысты еңбегінің нәтижесі. Алдағы уақытта да студенттерімізге толағай табыстар мен жаңа белестер тілейміз!