Құттықтаймыз!
«Білімнің жұлдызы–2025» шәкіртақысының иегері атанған Өскемен жоғары медициналық колледжінің Дант-116-2024 тобының студенті Қуанбекқызы Алтынайды жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!
2025 жылдың 26 мамыры, Астана қаласы
«Dauletten» қайырымдылық қорының 5 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өтті.
Кеш аясында «Білімнің жұлдызы» бағдарламасы бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген 200 озат студент салтанатты түрде марапатталды.
Үздік студенттер 100 000 теңге көлеміндегі бір реттік шәкіртақыға ие болды.
Қатысушылар оқу үлгерімі, әлеуметтік белсенділігі, эссе жазу және арнайы тест нәтижелері бойынша іріктелді.
Барлық сынақтан сүрінбей өткен Алтынай бұл мәртебелі шәкіртақыны жеңіп алып, колледжіміздің мерейін үстем етті!
Алтынайды осы зор жетістігімен құттықтай отырып, табандылығы мен еңбегі үшін алғыс айтамыз.
Жұлдызың жарқырай берсін, болашағың жарқын болсын, Алтынай!
⸻
#DaulettenQory #5жыл #БілімніңЖұлдызы #ҚуанбекқызыАлтынай #ӨЖМК #УКВМК #Dant1162024 #мақтанышымыз