Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының бастамасы мен қолдауымен, атап айтқанда, білім басқармасының басшысы И.А. Чернышеваның және орынбасары Ақылбек А., сондай-ақ ШҚО Техникалық және кәсіптік білім беру және кадрларды даярлау орталығының басшылары, орталық директоры Г.А. Елемесованың және оның орынбасары Л.Т. Кездикбаеваның қолдауымен 2025 жылдың 21 ақпанында біздің колледжде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне қарасты 27943 әскери бөлімі қызметкерлеріне кәсіби бағдар беру шарасы өткізілді. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Президенті жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында және колледждің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Усть-Каменогорск қаласындағы әскери бөлім сарбаздарымен кездесу ұйымдастырылды. Шара экскурсия, жүрек-өкпе реанимациясы, бұлшық етке және веналық инъекциялар жасау дағдыларын жаттығу арқылы үйрететін тренинг форматында өтті, сондай-ақ Қазақстанның Қарулы Күштерінде қызмет атқарып жүрген жас сарбаздар үшін арнайы ұйымдастырылған кофе-брейк өтті.

Іс-шараға колледждің әлеуметтік серіктестері қатысып, оқу орнының артықшылықтары, мүмкіндіктері мен жетістіктері туралы атап өтті. Колледж әкімшілігі әскери қызметшілерге білім беру бағдарламалары, гранттар, құжаттарды тапсыру мерзімдері мен қабылдау шарттары, сондай-ақ оқу аяқталғаннан кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынды. Кездесу барысында сарбаздар оқуға қатысты сұрақтар қойып, түрлі мамандықтар бойынша білім алуға қызығушылық танытты. Кездесу соңында колледж директоры Адлет Амангельдинович Ахмадиев «Бүгінгі солдат — ертеңгі сұранысқа ие маман» деп атап өтіп, барлық тілек білдірушілерді колледж студенттері қатарына қосылуға шақырып, іс-шараға қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, сарбаздарға және олардың командирлеріне естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар тапсырды.