Өскемен жоғары медициналық колледжінің еріктілер тобы мен Онкоцентр қызметкерлерімен бірлесіп, қаладағы ірі сауда орталықтарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Fresh Market дүкенінде қатерлі ісікке қарсы күрес жөніндегі Дүниежүзілік күнге арналған онкүндік аясында арнайы акция өтті. Онкоцентр мамандары келушілерге ерте диагностиканың маңыздылығы, скринингтік жүйе туралы, сондай-ақ әртүрлі жастағы ерлер мен әйелдердің қандай тексерулерден өтуі және олардың жиілігі туралы ақпарат берді. Барлық қатысушыларға өкпе обыры – онкологиялық аурулардың ең кең таралған түрлерінің бірі жайлы флаерлер мен брошюралар таратылды. Медицина волонтерлары мүмкіндігінше көп адамның назарын аудару және өз денсаулығына қамқорлық жасаудың маңыздылығын еске салу үшін би элементтерімен флэшмоб ұйымдастырды.