2025 жылғы 19 мамырда Өскемен жоғары медициналық колледжінің қабырғасында жастар арасында академиялық адалдықты насихаттау жөніндегі кешенді жоспардың 2.1-тармағына сәйкес, білім беру ұйымдарында заңсыз қаражат жинаудың алдын алу мәселелері бойынша ата-аналармен, колледж студенттерімен және қызметкерлерімен жиналыс өткізілді.

Іс-шара барысында колледждің комплаенс-офицері Маратова Н.М., арнайы дәріс оқып, қатысушыларға академиялық адалдықтың маңыздылығы мен заңсыз әрекеттердің алдын алу жолдарын түсіндірді.