2025 жылғы 13 ақпанда Өскемен жоғары медициналық колледжінде Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылуының 36 жылдығына арналған «Ерлік сабағы» атты сыныптан тыс іс-шара өтті.

Кездесу барысында колледж студенттері Ауған соғысының тарихи фактілерімен танысып, интернационалист жауынгерлердің ерлігін еске алып, қаза тапқандардың рухына тағзым етті. Әсіресе сол оқиғалардың куәгерлері мен қатысушыларының әңгімелері, олардың батылдығы мен қайсарлығы ерекше назарға алынды.

Мұндай іс-шаралар патриотизмді, ел тарихына деген құрметті және оның қорғаушыларының ерлік өткенін бағалауды қалыптастыруға ықпал етеді.