«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы»" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына енгізілген өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 3 шiлдедегi № 153 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 4 шiлдеде № 36397 болып тіркелді) «Өскемен жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК орта буын мамандары мен қолданбалы бакалаврларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша өтініштерді мемлекеттік тапсырыс бойынша күндізгі оқу нысанына – күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 10 тамызына дейін, ақылы негізде қабылдауды жүзеге асырады - күнтізбелік жылдың 25 маусымынан 27 тамызына дейін.

 

Медициналық мамандықтарға түсетін адамдар психометриялық тестілеу және бейіндік пән бойынша арнайы емтихан нәтижелерінің қорытындысы бойынша конкурсқа жіберіледі:

Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарының коды

Мамандықтың атауы

Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны

Негізгі орта (жалпы негізгі) білім базасында, бастауыш

Орта (жалпы орта) білім базасында

09110100

Стоматология

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін тестілеу және профильді пән бойынша арнайы емтихан (биология)

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін тестілеу және профильді пән бойынша арнайы емтихан (биология)

09120100

Лечебное дело

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін тестілеу және профильді пән бойынша арнайы емтихан (биология)

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін тестілеу және профильді пән бойынша арнайы емтихан (биология)

09130100

Емдеу ісі

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін тестілеу және профильді пән бойынша арнайы емтихан (биология)

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін тестілеу және профильді пән бойынша арнайы емтихан (биология)

09130200

Акушерлік іс

-

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін тестілеу және профильді пән бойынша арнайы емтихан (биология)

09140100

Лабораториялық диагностика

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін тестілеу және профильді пән бойынша арнайы емтихан (химия)

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін тестілеу және профильді пән бойынша арнайы емтихан (химия)

09160100

Фармация

-

Кәсіби жарамдылықты анықтау үшін тестілеу және профильді пән бойынша арнайы емтихан (химия)

 

Конкурсты ҰБДБ ақпараттық жүйесі (білім, мәдениет және спорт салаларындағы уәкілетті органдардың құзыретіндегі ТжКОББ ұйымдарын, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі сотталғандарды қоспағанда) талапкерлерді білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің орташа конкурстық балы бойынша автоматты түрде бөлу арқылы, педагогикалық, медициналық мамандықтарға, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілер үшін білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндер бағаларының орташа балы бойынша және ТжКОББ ұйымы өткізген арнайы және/немесе шығармашылық емтихандардың нәтижелеріне сәйкес алынған бағалардың (балдардың) орташа балы бойынша, сондай-ақ қабылдау квотасын ескере отырып өткізеді.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсушілер арасындағы Конкурс медициналық мамандықтарға түсушілер үшін негізгі орта, жалпы орта білім және ТжКОББ базасында 16-17 тамыз аралығында өткізіледі.