Өскемен жоғары медициналық колледжінің тарихында бесінші жыл қатарынан «мейірбике ісі» мамандығын студенттер «мейірбикенің қолданбалы бакалавры» біліктілігімен аяқтады. Түлектерге диплом берудің салтанатты рәсімі 2025 жылы 26 ақпанында Өскемен облыстық драм театрның кіші залында өтті.

Қолданбалы бакалавриат деңгейіне ие медициналық қызметкерлер - бұл жаңа штаттық бірліктер - кеңейтілген тәжірибедегі мейірбикелер, олар мейірбикелік іс-әрекетті тәуелсіз жүргізе алады, яғни науқастың жағдайын бағалайды, бақылайды, өзінің мейірбикелік диагнозын қояды, науқасқа кеңес және білім береді, сондай-ақ ғылыми жұмыспен айналысады.

Өскемен жоғары медициналық колледжінің қонақтары мен бітіруші түлектерді колледж  директор Адлет Амангельдинович Ахмадиев құттықтады. Басшы өзінің кәсіби қызметінде түлектер өздерінің «Аlma mater» қабырғасында алған білімдерін максималды түрде пайдалануларын, олардың әрқайсысы бакалавриатта тоқтап қалмай, мейірбике ісі маманығы бойынша магистратурада, докторантурада оқуларын жалғастыруларын тіледі.