2017 жылдың 26 мамыр күні Өскемен медициналық колледж студенттері «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ ШҚО филиалымен бірге, Өскемен -1 темір жол вокзалында «Жастарға кеңес орталығы!» атты тегін медициналық кеңес ұйымдастырды. Акция аясында азаматтардың қан қысымы, салмағы, бойы өлшеніп, медициналық кеңес берілді. Сонымен қатар салауатты-өмір салтын қалыптастыру бойынша брошюралар таратылып,  дұрыс тамақтану, сүт бездерінің қатерлі ісігін алдын алу туралы кеңес берілді.