Мақсаты қоғамда парасаттылық пен адалдық, қайырымды істер, ерліктер, сондай-ақ адамдарға көмек көрсету сияқты қарапайым өмірлік маңызды іс-әрекеттер қағидаттарын насихаттау болып табылатын "Қайырымдылық акселераторы" әлеуметтік жобасы аясында 2019 жылы 17 қазанда Өскемен жоғары медицина колледжінің волонтер студенттері мен оқытушылары Дырданова Ф. А., Бажигалиева Д. Б. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің ШҚО бойынша департаментімен бірлесіп Өскемен қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында "Қан қысымыңды біл" атты алдын алу акциясын өткізді. Қала тұрғындарына қан қысымын өлшеуге, дұрыс тамақтану, жүрек, денсаулықты сақтау бойынша кеңес алуға мүмкіндік берілді.