2018 жылдың 13 наурызында «Қайырымды Ел» атты қайрымдық акция шеңберінде «Өскемен медициналық колледжі» КМҚК студенттері колледжіміздің жалғыз басты қарт ардагерлеріне көмек көрсету форматында волонтерлік шара ұйымдастырып өткізді.
Екі күн бойы колледж студенттері бұрын қызмет атқарған оқытушыларға, оқу бөлімі меңгерушілеріне және басқа қызметкерлердің үйлеріне барып оларға азық-түліктік жиынтықтарды, гүлдерді және тәтті тағамдарды сыйға тартты. Олардың қан қысымдарын өлшеп, денсаулықтарын сұрап, оларға көңіл бөлді. Кейбір ардагерлерге үй-ішін жинастыруға көмек көрсетті.